Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

6 Наурыз 2018, 11:02 3026

 «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV ЗРК) сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ (2016 жылғы 31 қазандағы № 04-20 / 651) бұйрығының негізінде, 2016 жылғы 28 ақпанда Павлодар облысының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жанында Медиация орталығы құрылды.

Қазақстан халқының Ассамблеясы мен ҚР Жоғарғы соты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға 2016 жылғы 30 маусымда қол қоюы республикада медиацияны дамытуға жаңа серпін берді. Медиация орталығының ашылуы Павлодар облысында медиация институтын кезең-кезеңмен енгізу үшін жағдай жасауға бастау болды. 2016 жылғы 4 шілдеде Облыстық сотпен Меморандумға қол қою, Бірыңғай медиация күнін өткізу және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары қалалар мен аудандардағы кеңселердің ашылуына септігін тигізді.

2016 жылдың наурыз айынан бастап 2018 жылдың ақпан айына дейін облыста 33 медиация кабинеті ашылды. Халыққа қолжетімді болу мақсатында кабинеттер әкімдіктердің ғимараттарында, кітапханаларда және мәдениет үйлерінде орналасқан.

Кабинеттердің ашылуына және Медиация қағидаттары мен басымдықтары туралы жұртшылықты хабардар етуге байланысты кәсіби емес медиатордың өлшемдеріне сәйкес келетін адамдар үшін білім беруді ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. 2 жыл ішінде білім беру мен ақпараттық бағдарламасы аясында 239 іс-шара өткізілді, солардың ішінде 62 семинар, 8 конференция, 36 дөңгелек үстел, 1 жастар форумы, 10000 білім алушыларды қамтитын қаланың 40 мектебі мен 12 колледждерінде Бірыңғай медиация және құқықтық мәдениет күні, 19 көшпелі қабылдау, 115 дәріс пен пікірталастар, бұның барлығы кәсіби емес (қоғамдық) медиаторлардың санының едәуір ұлғаюына ықпал етті, олардың кейбіреулері білімін жалғастырды және Медиация бойынша базалық курстан өткеннен кейін сертификат алып, кәсіби медиатор біліктілігіне ие болды.

Кәсіби медиаторларды одан әрі кәсіби дамыту үшін өңірлік сот корпусымен сұхбат алаңдары мен шайқастар ұйымдастырылды; Әлеуметтік жанжалдарды шешу орталығының президенті, Мәскеу облысының сауда-өнеркәсіп палатасының медиаторлар алқасының төрағасы О.Б. Ивановтың қатысуымен (Мәскеу қ.) дөңгелек үстел; «Халықаралық адам құқықтары орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ж.А. Жакуповтың қатысуымен (Алматы қ.) семинарлар; «ЦРК – Диалог» мекемесінің директоры, «ОЗАРЕНИЕ» ҚҚ-ның президенті, медиация және психология бойынша тренер Т.И.Савитскаямен (Қарағанды қ.) онлайн-кездесулер өткізілді.

Медиаторлардың оқуын ұйымдастыру аймақтағы медиация институтын ілгерілету бойынша жаңа жұмыс түрлерін іздестіруге ықпал етті.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының кеңейтілген отырысының 2017 жылғы 23 ақпандағы №17-35-18.6 Республикалық және облыстық медиация кеңестеріне министрліктер мен басқармалар басшыларын қосу туралы хаттамасы негізінде облыстағы медиация институтын дамыту бойынша жұмысты жандандыру және үйлестіру мақсатында облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевтың төрағалығымен облыстық медиация кеңесі құрылды. Кеңес құрамына «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық сот, ІІД, Павлодар облысы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, еңбек, дін істері бойынша, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері бойынша басқармалардың, Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментінің, ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесі, ҚХА-ның «Ақсақалдар алқасы» ақсақалдар кеңесі, ҚХА аналар кеңесінің өкілдері мен кәсіби медиаторлар кірді.

«Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығының басымдықтарының бірі азаматшылдық мақсаттарын, құрметтеуді және ережелерді сақтауды қалыптастыруға бағытталған, даулар мен кикілжіңдерді шешудің өркениетті тәсілдеріне және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Бұл жұмыстың жүргізіліп жатқанын аймақ тұрғындарына қойылған сауалнама мәліметтері дәлелдейді, мысалы, 1000 адамға қойылған «Медиацияның не екенін білесіз бе?» - деген сұраққа 2016 жылдың сәуір айында 2 адам ғана «иә» - деп жауап берсе, 2016 жылғы желтоқсанда – 117, 2017 жылдың мамырында – 273, 2017 жылдың қарашасында – 711 адам жауап бере алды.

Орталық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу бойынша үлкен жұмыс жүргізеді.

Есеп беру мерзімі кезінде «Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығы Халықаралық адам құқықтары жөніндегі орталықпен, Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасымен, облыстың жетекші ЖОО-ымен, Жастар саясатын дамыту жөніндегі басқармамен, Білім беру басқармасымен, Павлодар облысының кәсіподақтар орталығымен, «Айбын» атты ҚР Қарулы Күштері ардагерлерінің үйлестіру кеңесімен меморандумдарға қол қойылды.

«Қоғамдық келісім» КММ Медиация Орталығы қызметінің негізгі кезеңі облыстық сотпен меморандумға қол қою болды, оның аясында «Медиация әрбір қалаға, аудан мен ауылға» акциясымен үгітпойыз ұйымдастырылды. 2016 жылғы 16 қарашадан 13 желтоқсанға дейін үгітпойыз облыстың барлық қалалары мен аудандарын аралады. Акцияның бағдарламасы: халықпен ақпараттық кездесулер өткізу, әкімдіктер өкілдерімен және ішкі саясат бөлімшелерімен кездесу, жергілікті медиаторларға арналған семинарлар. Акцияның бағдарламасы 600-ден астам адамды құрады.

Облыстың соттарымен бірлесіп, 2017 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен енгізілген, азаматтық сот ісін жүргізудегі даулардың жекелеген санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, жобаның міндеттері азаматтардың соттық шығындарын азайту, келіспеушіліктерді қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ халықтың дауды (жанжалдарды) соттан тыс реттеудегі қызығушылығын анықтау болып табылады. Жоба ажырасу, мүлікті бөлу, көшіру, мұрагерлік мәселелер, кондоминиумды басқару, несиелік келісімдер мен кейбір еңбек дауларын қамтиды.

Жастар арасында жанжалға төзімді мінез-құлықты дәріптеу мақсатында облысымызда «Жас медиатор» еріктілер қозғалысы құрылды. 2017 жылдың сәуір айында «Толерантты болу – сәнді үлгі!» атты І диспут-форум өтті. Мұндай үлгі жасөспірімдер ортасында жанжалдарды реттеудің жаңа технологияларын әзірлеу бойынша Павлодар облысының тұрақты әрекет ететін байланыс және білім беру алаңына айналуға арналған. Форум соңында бейне-ролик жасалды, ролик сол күні әлеуметтік желілерге салынған және де жастар арасында ғана емес, сонымен қатар республиканың кәсіби медиаторлары арасында да жоғары бағаға ие болды. 2018 жылдың сәуір айында ІІ жастар диспут-форум жұмысына қатысуға тілек білдірушілерді «Толерантты болу – сәнді үлгі!» форумына шақырамыз. 2017 жылғы желтоқсанда қол қойылған үш жақты меморандум (ҚХА, Облыстық сот, Білім беру басқармасы) аясында «Мектеп – даусыз аймақ» атты мектеп медиациясын дамытуға арналған пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық жобаға білім беру басқармасының ұсынысы бойынша 8 оқу орны (5 мектеп және 3 колледж) енгізілді, аталмыш оқу орындарында Мектептік және студенттік медиация қызметтері құрылды, олардың ішінде білім алушылар, ата-аналар, ұстаздар және жоба уақытына бекітілген тәлімгерлер, яғни медиаторлар, судьялар мен прокуратура қызметкерлері бар. Ақпараттық жұмыс шеңберінде қаланың барлық мектептері мен колледждерінде 6 желтоқсанда бірыңғай сценарий бойынша Бірыңғай медиация және құқықтық мәдениет күні өткізілді. Бүгінгі күні «Мектеп – даусыз аймақ» атты пилоттық жобаның аясында тәлімгерлер ата-аналардың кездесулерінде, сынып сағаттарында белсенділік танытады. Мектептегі медиация қызметінің құрамына кіретін барлық мақсатты топ өкілдерін оқыту мақсатында медиация қағидаттарымен танысу үшін семинарлар мен тестілеу өткізілді.

2018 жылғы 22 ақпандағы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ақпараты бойынша кәсіби емес медиаторлардың тізілімінде 169 адам бар.

Облыстық соттың тізілімінде 45 кәсіби медиатор бар.

«Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығына түскен мәліметке сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында 20 ай ішінде 1009 даулы мәселе аймақтық медиаторлармен (кәсіби және кәсіби емес) шешілді. Қабылданған даулардың негізгі бөлігі әлеуметтік, тұрмыстық, еңбек және басқа да азаматтық даулар болып табылады.

Медиаторлар жұмыстарын жүргізу барысында медиацияға деген сұраныстың бар екенін дәлелдеді, сондай-ақ халықтың осал топтарымен, яғни аз қамтылған отбасылармен, кәмелетке толмағандармен, зейнеткерлермен, мүгедектермен және т.б. жұмыс істеу нәтижелі екеніне көз жеткізді. Азаматтардың осал топтарымен жұмыс істеу, көбінесе, жанжалды жағдайды тудыратын психологиялық факторлармен ушығады. Осындай жағдайларға тап болған медиаторлар жаңашылдық ұсыныс жасады: бір жағынан, жанжалға қатысушы адамдармен күрделі жұмыс жүргізу, бір жағынан, ушықтыратын психологиялық факторды басу, екінші жағынан – тараптарға консенсустық келісімге келуге көмектесу, жанжал жағдайын шешуде барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімді қабылдау. Осыған байланысты медиаторлар медиатор-заңгер/медиатор-психолог болып жұппен жұмыс істейді.

«Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығының облыстық сотпен 2017 жылда бірлесіп атқарған жұмысының қорытындысын шығару мақсатында 22 ақпанда Достық үйінде «Медиация – қазақстандық қоғамның дамуының басым ресурсы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция барысында медиацияны дамытудың шарттары, сондай-ақ әртүрлі салаларда жанжалдарды шешудегі тәжірибе талқыланды. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша келісім рәсімдері туралы мақалалар жинағы жарық көрді.

2018 жылғы 23 ақпан күні Астана қаласында Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, онда біздің орталыққа аймақтағы медиацияны алға жылжыту бойынша оң тәжірибе туралы жоғары деңгейде айтуға мүмкіндік берілді.     Қызметімізге жоғары баға беру – бұл үлкен жауапкершілік және аймақтағы және Қазақстандағы медиацияны дамытуға одан әрі жемісті еңбек ету үшін қосымша ынталандыру.

Жақын арада медиация институтын өңірде кеңінен тарату мақсатында келесі шаралар жоспарланып отыр:

  1. КММ-нің Медиация орталығының толық сайтын ашу – 15 наурыз;
  2. Пилоттық жоба аясында құқықтық турнир 12 наурыз;
  3. «Толерантты болу – сәнді үлгі!» атты ІІ жастар форумы – сәуір;
  4. Қоғамдық медиаторларға арналған оқыту семинары (50 адам);
  5. Қаланың 2 орталық көшесінде ақпараттық баннерлерді орналастыру;
  6. 2018 жылдғы 25 наурыздан бастап Халық банкінің филиалдарының телемониторларында жарнама орналастыру;
  7. Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында медиатор бұрышын ашу;
  8. «Zero Tolerance» облыстық жобасына енгізу;
  9. Облыстың барлық оқу орындарында Мектептік және студенттік медиация қазметтерін құру.

РS: Туған күнімізде, облыс медиаторлары облыстық сотпен бірлесіп «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында Медиация бұрышын ашуға белсене қатысты. Дөңгелек үстел аясында өнімді ынтымақтастық пен жоспарлы, жүйелі жұмыс үшін бірқатар ұсыныстар айтылды. Дөңгелек үстелдің соңында бизнес өкілдері медиацияның артықшылықтары мен принциптері туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.

1 наурыз – ҚХА-ның құрылған күнінде және Алғыс айту мерекесінде біздің бүкіл үлкен медиаторлар командасы Ашық есік күніне және Павлодар облысының прокуратурасында Медиация бұрышын ашуға қатысады.

 

Ольга Николашина, Медиация орталығының басшысы         

 

Бөлісу: