Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Нышан Өмірәлі жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пара таеквондошы К44 +80 кг классында хорватиялық спортшы Иван Микуличті 16:5 есебімен жеңді. Енді отандасымыз қола медаль үшін күресетін болады.
Жекпе-жек Астана уақытымен 23:20-да өтеді.