Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия кубогында көш бастап тұр

16 Ақпан, 20:27 603

Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы жалғасып жатыр. Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты. Ал 2-орынға 3 алтын медалі бар Сингапур құрамасы еніп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алтын: 
Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) 10 метрден пневматикалық винтовка;
Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) 10 м, пневматикалық винтовка;
Олег Носков (жасөспірімдер арасында) 10 метрден пневматикалық винтовка;
Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;
Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;

Күміс: 
Ислам Сәтпаев, 10 м, пневматикалық винтовка; 
Валерий Рахымжан 10 м, тапанша; 
Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;
Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова - 10 м, тапанша;
Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 м, тапанша; 

Қола: 
Александра Ле, 10 м, пневматикалық винтовка;
Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) 10 м, пневматикалық винтовка;
Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;

Еске салсақ, биыл Азия кубогында 23 мемлекеттен келген 320-ға жуық спортшы бағын сынауда. Дүбірлі дода 22 ақпанда аяқталады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: