Нысана көздеуден Елизавета Безрукова Қазақстан рекордын жаңартты

14 Наурыз, 17:42 849

Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден Қазақстан рекордын тіркеді. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай жинады. Екінші сатыға Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александра Ле (630.2 балл) жайғасып, айтарлықтай қарсылық көрсетті.

Бұл бағдарламадағы жассөспірімдер мен ересектер арасындағы осыған дейінгі еліміздің үздік көрсеткішін Елизавета Безрукова (630.9 ұпай) тіркеген.

Айта кетейік, мергендердің ел чемпионаты 16 наурызда мәресіне жетеді. Биыл бәсекеге 10 өңірден 163 спортшы жиналды. Олар барлығы 25 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: