Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысындағы Сазды су қоймасы туралы айтты

3 Сәуір, 20:47 708

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысындағы Сазды су қоймасының жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су қоймасының жалпы сыйымдылығы 7,5 млн текше метр. Осы сағатқа су жіберу көлемі секундына 60-тан 40 текше метрге дейін төмендеген. 

Ақтөбе облысының ерекшелігі - Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймалары қала шегінде Елек өзеніне қосылады. Сондықтан барлық үш су қойманың жұмысын үйлестіру қажет. Бүгінгі таңда Ақтөбе су қоймасы транзиттік режимде, Қарғалы су қоймасы су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Ал, Сазды су қоймасы секундына 40 текше метр су жіберуде, - деді Нұржан Нұржігітов.

Перизат Саденова
Бөлісу: