Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының финалына шықты

9 Сәуір 2023, 14:37 1873

Нұрсұлтан Тұрсынов Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Ол (87 кг) жартылай финалда қырғызстандық Атабек Азисбековтің жауырынын жерге тигізді.
 
Қазақстандық балуан ширек финалда өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовты жеңді.

Айта кетейік, Нұрсұлтан биыл ақпанда Алматыда өткен ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы. Ол былтыр Моңғолия астанасында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған.

 

EL.KZ
Бөлісу: