Нұрсұлтан Назарбаев елордада өткен «Астана клубының» жиынында қатысушылар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы кездері көпшілік алдына жиі шыға бермейтін экс-президент жиынға қатысу үшін ат терлетіп келген қонақтарға алғысын білдіріп, Астананың аязы үшін кешірім сұрады.
Астанаға қош келдіңіздер деймін. Елорданың аязы үшін кешірім сұраймын, бірақ оның денсаулыққа пайдасы зор. «Астана клубының» кезекті отырысында көргеніме қуаныштымын. Қазақ жеріне, Астанаға қош келдіңіздер деймін! – деді Назарбаев.
@newsnurkz Назарбаев пошутил о холоде в Астане на заседании "Астана клуба"
♬ оригинальный звук - NUR.KZ
Бұған дейін тұңғыш президенттің қызы Динара Құлыбаева NNEF қоғамдық қорының 25 жылдығына орайластырылған іс-шарада сөз сөйлегені туралы жазғанбыз.