Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын 75 келіде қазақстандық Нұрқанат Райыс жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отандасымыз дүниежүзілік біріншіліктің іріктеу кезеңдерінде Доминикан Республикасының өкілі Де Лос Сантос Дельгадоның жеңіп, келесі кезеңге жолдама алып отыр.
Бұған дейінгі кездеусулерде 57 келіде Серік Теміржанов жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алған еді. Сонымен бірге, 51 келіде шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов үнді боксшысына есе жіберді. 1/16 финалдағы жеңілістен кейін еліміздің бокс федерациясының басшылары Сәкен Бибосыновтың нәтижесіне байланысты ІВА-ға шағым түсіргенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, 67 және 71 келіде сынға түскен боксшылар жеңіске жеткен еді.