Нұрлыхан Шархан Париж Гранд Слэмінде жүлдегер атанды

4 Ақпан, 23:21 873

Парижде дзюдодан Гранд Слэм турнирінде -100 келіде қазақстандық Шархан Нұрлыхан үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Жерлесіміз маңызды кездесуде швейцариялық Даниэль Эйчті ұтып, турнирдің медальіне ие болды.

Жарыстың соңғы күнінде күрескен Шархан жартылай финалға дейін жетті. Ол бірінші айналымда жеребе бойынша бос болған. Ал екінші кезеңде америкалық спортшыны ұтып, 1/8 финалда Нидерланд балуаны Михаэль Коррелді ескерту бойынша ұтты. Ал ширек финалда Сербия дзюдошысы Александр Куколжды қосымша уақытта вазари әдісімен ұтты. Алайда финалға шығар белдесуде 2 мәрте әлем чемпионы, испаниялық Николоз Шеразадишвилиден ұтылып, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Бұдан бөлек, Ерасыл Қажыбаев ширек финалға шыққанымен, жұбаныш белдесуінде ұтылып қалды. Ол осылайша жарыты 7-орынмен аяқтады. Бұдан өзге күрескен Ғалымжан Қырықбай, Айдар Арапов, Әнуарбек Ермахан іріктеу кезеңдерінде ұтылды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: