Қазақстандық танымал тележүргізуші, актер Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысында түсірілген видеосын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бизнес по-казахски» фильмінің жұлдызы Түркістан облысына аттанып, оңтүстік өңірдің сұлулын көпшілікке паш еткен. Видеодан табиғат аясында отырған продюсердің бинокльмен алысқа қарап, тамсанып отырғанын көруге болады. Оқырман қауым да еліміздің керемет табиғатын көбірек насихаттау керек деп пікір қалдырған. Тіпті осындай көрікті жерлерімізді көрсететін фильмдер де керек екенін айтқан.
«Дұрыс, Нұрекке, өзіміздің де көрікті, керемет жерімізді насихаттай білуіміз керек», «Әдемі табиғатта әдемі отырыс», «Шіркін! Леңгірдің табиғаты ғой», - деп жазып жатыр оқырман.
Посмотреть эту публикацию в Instagram