Нұрлан Өнербаев ұлымен бірге ән айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

4 Қаңтар, 12:35 2958

Отандық танымал әнші Нұрлан Өнербаевтың ұлымен дуэт айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеоны өнер иесінің ұлы Марғұлан Нұрланұлы өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.

Нұрлан Өнербаев ұлы екеуі «Қарағым-ай» әнін орындаған.

Көпшілік екеуінің бұл дуэтіне жоғары баға беріп, әншінің туындыны жүрекпен орындайтынын жазуда.

Әкейдің әнін бала кезде тыңдап өстік, Марғұланның сүйемелдеуімен тіпті жүрекке жылы тиді», «Қандай керемет. Жанды дауыс», «Көріп қызығасың», «Ең мықты дауыс», «Бұл әнді ешкім Нұрлан Өнербаевтай орындай алмайды екен», - деп жазып жатыр көпшілік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Марғұлан Нұрланұлы (@n_margulan_)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: