Нұрлан Өнербаев қазақ тілін білмейтіндерге салық салуды ұсынды

Бүгiн, 18:38 162

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, əнші, қоғам қайраткері, бұрынғы мәжілісмен Нұрлан Өнербаев жаңа салық түрін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салу керектігін жазды.

Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық боп өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын, - деді ол.

Әншінің бұл ұсынысы оқырман қауымның да көңілінен шығып, тіпті кейбіреулер қазақ тілін білмейтіндер миллиондап салық төлеуі керектігін жазып жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: