Нұрлан имам TikTok арқылы қомақты қаржыға кенелді

10 Шілде, 16:09 1193

Нұрлан имам аяқ астынан қомақты қаржы иесі болып шыға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығатын Нұрлан имам TikTok арқылы ақша тапқанын бұған дейін білмей жүрген. Имам танымал мобилограф Қыран Талапбектен TikTok-тің қаражат табудың да жолын естіген.

Құрметті достар, Нұрлан имаммен жолығып отырмыз. Бұл кісі TikTok арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2000 АҚШ долларын жинапты. Шынымен де, балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмеген соң, кіріп көрсем ақшасы шығып тұр, – деп айтты мобилограф.

Ойламаған жерден көп ақшаға кенелген дінтанушы оқырмандарын қуантты. 

Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге қажылық ұмра жолдамасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын… – деді имам-блогер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрлан имам (@nurlanimam.kz)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: