Ауыз ашу дұғасы араб тілінде оқу маңызды емес дейді Нұрлан имам, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы, көпшілікке танымал Нұрлан Байжігітұлы Instagram парақшасында оқырманның сұрағын жауап берді.
Ауыз бекітіп, ашқанда неге дұға оқимыз? Біріншіден, осыны түсініп алайық. Пайғамбарымыздың хадисінде ауыз ашқан кезде бір дұға қабыл болады деп айтылған. Осы сәтті пайдаланып, жақындарымызға, елімізге, отбасымызға шын жүректен дұға етуіміз керек. Өйткені миллиондаған адамның дұғасы қабыл болса, жақсылықтың еселенетіні сөзсіз.Ал дұғаны тек араб тілінде жасау міндетті емес. Қазақ тілі – мағыналы, шұрайлы тіл. Сондықтан дұғаңызды ана тілімізде жасай беріңіздер. Қазақша айта беріңіздер. Ауыз бекіткенде ниетті жүректен жасау жеткілікті, ал оны дауыстап айту – сауап, – деп түсіндірді имам.
Имамның бұл жауабы көпшіліктің көңілінен шығып, әлеуметтік желі қолданушылары ризашылықтарын білдірді.