Нұрлан имам АҚШ президенті ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасына қатысты

Бүгiн, 10:56 289

Көпшілік арасында Нұрлан имам аталып кеткен Нұрлан Байжігітұлы АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Ақ үйдің қайырымдылық таңғы асына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерлесіміз қатысқан іс-шарада АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп сөз сөйлеген. Нұрлан имамның айтуынша, АҚШ президентінің сөздері ерекше әсер кеткен.

Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық іс-шарасында сөз сөйледі. Ең ілері – «Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп» деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды.

Түйгенім: Еліміздің әрбір азаматы аманатты сезініп, ісіне адал, жүрегі таза, Отанын шынайы сүйіп қызмет етсе, біздің де алға басар қадамдарымыз қарыштайтынына сенімім мол ағайындар… - деп жазды ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: