Нұрлан Әбдіров ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасарымен кездесті

16 Наурыз 2023, 22:28 940

Елордада Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимовпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында еліміздегі сайлауалды науқанның қалай өткендігі айтылды.

«Біздің миссиямыз, кейбір миссиялар секілді «қателік» іздеу үшін, не сайлау комиссиясының, соның ішінде ОСК-ның жұмысын тиімсіз етіп көрсететін іспен айналыспайды. Біз ешқандай заң бұзушылық таппадық және үгіт-насихат науқанын жүргізуде, депутаттыққа кандидаттарды ұсыну кезінде, сайлауалды бәсекеде заңсыздыққа жол берілгені жөнінде ақпаратымыз жоқ. Бәрі тиісті деңгейде жүріп жатыр», - деді ТМД Миссиясының басшысы.

Сонымен қатар, кездесуге Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мен ОСК мүшесі Шавқат Өтемісов қатысты. ТМД-дан байқаушылар Миссиясы тарапынан Штаб басшысы Олег Кулеба ТМД және ТМД Атқарушы комитеті баспасөз қызметі басшысының орынбасары Виталий Краснобаев қатысты.

ОСК төрағасы ТМД-дан байқаушылардың қатысуы жұртшылықтың сайлауға деген сенімін арттыратынын атап өтті. Сондай-ақ, ол ҚР ОСК сайлауды байқау жөніндегі халықаралық ұйымдардың миссияларының болуына үлкен мән берілетінін айтты.

Миражан Махан
Бөлісу: