Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады

14 Қыркүйек 2023, 17:41 1755

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов татуласты, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жайдарманшы Сұлтанқызынан көпшілік алдында кешірім сұрап, мұның бәрі балалықтың белгісі болғанын айтты. Осылайша ол оқырмандарын мазалаған сауалға да жауап бергенін алға тартты.

«Не болды?», «Сендердікі хайп болды ма?», «Шынымен достастыңдар ма?» деген сұрақтарды әлі күнге дейін қояды. Барлығы өткінші екен, өтеді де кетеді. Қанша дегенмен көрісіп, білісіп жүрген жандармыз. Көрерменнің, сіздің және менің оқырманымның алдында сізден кешірім сұрайын деп тұрмын. Кіші болып қоя салуыма болар еді. Бірақ сол кездегі эмоцияның, балалықтың, шалалықтың тірлігі деп білемін. Сізден шын жүректен кешірім сұраймын, егер кешіре алсаңыз. Сәлеміміз түзу болсын, - деді Нұрболхан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нурболхан Шарапов (@nnurbolkhann)

Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайтынына сенім білдірді.

Оның сөзін Ләйлә Сұлтанқызы да қолдап, қазір екеуі де есейгенін айтты.

Үлкен болып мен қоймадым, кіші болып сен қоймадың. Уақыт, жағдай есейтті. Сен де әке атандың, мен де ұлдарып өсіп келеді, - деді ол.

Естеріңізде болса, 2019 жылы Нұрболхан Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап, екеуара дау сотқа дейін жеткен. Бес ай бойы жүрген сот процесінің қорытындысы бойынша Нұрболханды сот кінәсіз деп тапқан болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: