Нұралы Әліптің «трансферінен» соң қазақстандық жанкүйерлер «Реалға» шабуылдады

28 Желтоқсан 2023, 14:48 1484

Қазақстандық жанкүйерлер «Реал Мадридтің» инстаграмдағы парақшасын «шабуылдады», деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандық жанкүйерлер «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп қысқы трансфер кезінде «Реалға» жалға берілуі мүмкін деген ақпарат оқып, «корольдік» клубтың әлеуметтік желідегі парақшаларына лап қойды.

«Here we go. Нұралы Әліп», «Қазақстан. Әліп», «Әліпті қатарға қосыңдар», «Әліп ауыссын», «Нұралы Әліп» «Реалға» қош келдің», «Нұралы Әліп – өте жақсы ойыншы», – деп жазған пікір білдірушілер.

Естеріңізге сала кетейік, Әліп «Зенит» сапына 2022 жылы қосылды. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 3 млн еуроға бағалайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Real Madrid C.F. (@realmadrid)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: