Нүкенованың өлімі: Бас прокурор қылмыстық іске қатысты пікір білдірді

21 Қараша 2023, 18:38 1718

Бас прокурор Берік Асылов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іске пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жақында Астанада азамат Нүкенованың өлтірілуі интернет кеңістігін дүрліктірді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы Петицияға 150 мыңға жуық мүдделі қазақстандық қол қойды. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр, - деді Асылов.

Сөзінше, биыл тұрмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алу мерзімі ұзартылып, тараптардың қайта татуласуына тыйым салынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының арыздарына жауап беру бойынша полицияның жұмысы қайта құрылды.

Елімізде отбасында әлімжеттік көрсетішулер саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін өскен. Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіріп, өлімге әкеп соқтырған ауыр жарақаттар үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ тек жазалау әдістері жағдайды түзете алмайды.Тәртіпті қалпына келтіруде бізге қоғамның және әрбір азаматтың белсенді қолдауы қажет, - деді Берік Асылов.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: