Норвегия әлеуметтік желі қолдану жасына шектеу қояды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елдің премьер-министрі Йонас Гар Сторе бұл «қиын күрес» болатынын мойындап отыр. Оның айтуынша, әлеуметтік желілер кәмелетке толмағандардың санасы мен психикалық жағдайына кері әсер етеді, яғни олар балаларды біржақты ғана ойлайтын және мойынсұнғыш етіп тәрбиелеуі мүмкін.
Балаларды зиянды мазмұннан қорғау керек. Біз бұл тартыс екенін білеміз, өйткені өнеркәсіпте күшті күштер бар. Бірақ ол саяси шешімдерді қажет етеді, - деді Йонас Гар Сторе.
Үкімет жас шектеулерін айналып өтуге жол бермеу үшін қосымша шаралар енгізуге уәде берді. Олардың қатарында жеке деректер туралы заңға әлеуметтік желі қолданушыларының жеке деректерін өңдеуге келісім беру үшін кемінде 15 жаста болуын талап ететін өзгертулер енгізу, сондай-ақ әлеуметтік желілер үшін жасты тексеру жүйесін әзірлеу кіреді.