Нөмірге көлік иесі есімінің бастапқы үш әрпін жазуға рұқсат - Мусин

2 Шілде 2023, 13:45 798

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин көлік нөмірлерін сатуға қатысты жұмыстар жетілдіріліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол мұндай қызметті жүзеге асыру үшін жоғары сұранысқа ие нөмірлердің тізбесін заңнамалық түрде бекіту қажеттігін алға тартты. Бұдан өзге, шенеунік осындай нөмірлерді сату арқылы бюджетке қосымша қаражат түсіруге болатынын да жеткізді. 

Ішкі істер министрлігімен бірлесе жоғары сұранысқа ие автокөлік нөмірлерін сату қызметін енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінде қазақстандықтар мұндай мемлекеттік нөмірлерге электрон үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс бере алады. Маған басқа да арналар арқылы қажет нөмірлерге тапсырыс беруге болатындығы туралы ақпарат келіп жатады. Бұл жағдаймен барынша таныспын. Сондықтан біз мемлекеттік нөмірлерді таңдауға бағытталған қызметті енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Мәселен, сатып алушы өз есімінің алғашқы үш әрпін енгізу арқылы қалаған нөміріне қол жеткізе алады. Бұл қызмет түріне бізде үлкен сұраныс бар, - деді министр.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: