Нигерияның солтүстігінде жанармай таситын көлік жарылып, салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты. Бұл туралы Нигер штатының федералды жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің (FRSC) қолбасшысы Кумар Цуквам мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Vanguard газетінің дерегінше, жарылыс жақын маңдағы адамдар төгілген жанармайды ыдыстарға құя бастағанда болған.
Жанармай алуға барғандар да, оларды құтқаруға ұмтылғандар да жалынның ортасында қалды, – деді Цуквам.
Нигер ТЖ агенттігінің (SEMA) бас директоры Альхаджи Абдуллахи Баба-Арахтың айтуынша, қазіргі уақытта жарылыс орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ басылым зардап шеккендердің ауруханаға жатқызылғанын алға тартты.