Нидерланды құрамасының жаңа бас бапкері белгілі болды

10 Желтоқсан 2022, 19:50 3132

Бапкер «Эвертон», «Валенсия», «Барселона» клубтарында жұмыс істеген

«Барселонаның» бұрынғы бапкері Рональд Куман футболдан Нидерланды ұлттық құрамасының бас бапкері болды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Нидерланды футбол одағы бұл шешімді сәуір айында жариялаған болатын. Куманның келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жасалды.

59 жастағы маман бұған дейін 2018-2020 жылдар аралығында Нидерландының бас бапкері қызметін атқарған. Ұлттық құрамада жұмыс істеген кезінде Куман оны ешқашан ірі халықаралық турнирдің финалдық кезеңіне шығарған емес.

Ұлттық құрама мен «Барселонадан» басқа бапкер англиялық «Эвертон», испаниялық «Валенсия» және басқа да клубтарда жұмыс істеген. 

EL.KZ
Бөлісу: