Нидерланд үкіметі босқындар үшін отставкаға кетті

9 Шілде 2023, 02:20 821

Марк Рютте бастаған коалициялық министрлер кабинеті көші-қон саясатындағы келіспеушіліктерге байланысты тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Еuronews-ке сілтеме жасап.

Баспана іздеушілер ағынын тежеу шаралары қызу пікірталасқа ұласты, деп хабарлайды NOS телерадиокомпаниясы. Босқындарға уақытша мәртебе беру және олармен қауышатын туыстарының санына шектеу қою туралы да ұсыныс болды.

Күзде басқарушы коалиция ыдырағаннан кейін кезектен тыс жаңа парламенттік сайлау өтеді деп жоспарланған.

Берік Арманов
Бөлісу: