15 Қазан 2014, 09:49
IBM компаниясы SyNAPSE архитектурасы негізінде құрылған TrueNorth когнитивті чипін жасап шықты. Бұні IT саласындағы революция десе де болады. Бұл чип осы күнге дейін жасақталған ең ірі кристалл. Оның ішінде 5,4 млрд транзисторы бар. Осындай үлкен көлемдегі кристалдар 4096 нейросинаптикалық ядроны жасақтау үшін керек. Осы жүйенің ішінде 256 жартылай өткізкігішті синапстар бар. Жүйе өнімділігі – секундына 46 миллиард синаптикалық операция орындай алады. Ал керекті қуат көлемі – 70 милливатт. Осы саладағы 2011 жылғы көрсеткіштер 262 144 синапстық байланыс орната алатын. Алдағы уақыттары нейрочиптер триллиондық операцияларды орындауға дайындалуда. 2014 жылға дейін істелінген нейрокристаллдар архитектурасы фон Нейманның идеясы негізінде құрылған. Ол бойынша энергия тұтыну жоғары болатын. Жаңа нейрокристаллдардың артықшылығы – тек операция орындау кезінде ғана энергия тұтынатын болады. Осыған орай кристаллдар жүйесін бір кіші чипта сыйдыруға болады.
Кристаллдар жүйесін қоршаған ортаны зерттеуде кеңінен пайдалануға болады. Жүргізілген тәжірибе нәтижесінде микрочип көшедегі автобустар, жолаушылар, көліктер орналасуын анықтап, өзара байланысын таба алды. Үлкен дата орталықтардың орнына бір микрочип керекті есептеулерді жүргізе алады. 2020 жылдан бастап өздігінен жүретін көліктер, ұшақтар, заттар интернетінің қарқынды өсуі жоспарлануда. Осы құрылғылардың ішінде көлемді құралдарды микрочиппен ауыстыруға болады. Бұл есептеу жүйелеріндегі ғана емес, өндірістік құралдардағы революцияны алып келеді. Кезінде микрочиптің пайда болуы ЭЕМ-да революция жасаса, нейрочиптер осы ғасырдағы технологияны өзгерте алатын революциялық технология. Сонымен қатар жасанды интеллектті жасау проблемаларын шешуге жол ашады. Микрочип компьютерлерге өздігінен «ойлауға» мүмкіншілік береді.