«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар жазғы трансфер кезінде Париж клубынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бразилиялық өзіне жаңа клуб тапты. The Mirror хабарлағандай, Неймар мансабын енді «Челсиде» жалғастыруы мүмкін.
Лондон клубының иесі Тодд Боэли 2023 жылдың басында ПСЖ президенті Нассер әл-Хелайфимен кездесу өткізіп, бразилиялықты «ақсүйектер» сапына қосу мәселесін талқылаған болатын.
Дегенмен шабуылшының «Челсиге» өтуіне оның жарақаты кедергі болуы мүмкін. Себебі Неймар тобығына операция жасатқан болатын.
БАҚ өкілдері Неймарға Англия чемпионатының тағы бір клубы қызығушылық танытып отырғанын жазып жатыр. Алайда оның қай команда екені әзірге белгісіз.
Неймар ПСЖ сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бразилиялықтың Париж клубымен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.
Неймар ПСЖ құрамында 29 матчқа қатысып, 18 гол соғып, 17 пас берді.