Несие пайыздарын төмендету керек – Нұрлан Әуесбаев

16 Наурыз 2023, 21:29 832

Пікірсайыста «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» мүшесі Нұрлан Әуесбаев кәсіпорындарды мемлекет қарамағына өткізу керек екендігін айтты деп, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Партия болашақтағы реформалардың негізі. Шенеуніктер міндетті түрде декларация тапсыру. Заңсыз байлыққа жол бермеу. Несие пайыздарын төмендету керек. Коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет қарамағына өткізу. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы мемлекеттің басты назарында болу қажет. Біздің партияның ұсынысы медицина мен білім беруді бюджеттен қаржыландыру керек. Осы салаға жылына жалпы ішкі өнімнің кем дегенде 5-7 пайызы бөліну тиіс. Тұрғын үй бағдарламасын қайта қаралғаны дұрыс. Әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа төмендететін кез жетті», – деді «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» мүшесі Нұрлан Әуесбаев. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: