Нэнси Пелосидің Азияға сапары аяқталды

7 Тамыз 2022, 05:00 1094

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелоси Жапониядан еліне оралды, сөйтіп ол Азиядағы турын аяқтады. Пелоси Токиода бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды  El.kz.

– Біздің делегация Жапония Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Хосод Хироюкимен кездесті. Біз ортақ демократиялық құндылықтарды, парламентаралық қатынастарды нығайтуды және Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылық жайын талқыладық, – деп жазды Нэнси Пелоси Twitter-де.

Пелосидің Азиядағы турына Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея және Малайзияға сапарлары енеді. Алдымен ол Сингапур мен Малайзияда болды, одан кейін Тайванға ұшып кетті.

Әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2,92 миллион адам Нэнси Пелосидің Тайванға ұшу кезеңін демдерін ішке тарта қадағалады. Өйткені Қытай билігі егер ол аралға аяқ басса, арты жақсы болмайды, Пекин мұндай бассыздыққа қарап отыра алмайды, әрине қатаң шаралар қолданады деп АҚШ-қа бірнеше рет ескерту жасаған. Соған қарамастан Пелосидің бұл сапары күшін жоймады.

АҚШ делегациясы аралды қолдау ұстанымынан АҚШ-тың бас тартпайтынын нақты білдіру үшін Тайванға келіп жетті. Бұл туралы Нэнси Пелоси Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвенмен кездесу барысында мәлімдеді.

Қытай билігі оның аралға аяқ басуын елдің ішкі саясатына қатаң араласу деп бағалады және Пелоси мен оның туыстарына қарсы санкциялар енгізді.

Бөлісу: