Неміс мақал-мәтелдері қазақ тілінде

27 Сәуір 2016, 10:30

Белгілі жазушы Мұзафар Әлімбаевтың молдаван ұлтынан аударған мақалалары

«А»-ны айтқан екенсің, «б»»-ны да айт.

 

Өмірдің тәттілігін өлеріңде білерсің.

 

Әке болдым деп мақтанба,

Адам болдым деп шаттан.

 

Орын адам көркі емес, адам орын көркі.

 

Қыраннан қыран туады,

Жыланнан жылан туады.

 

Жаратқанның да жағымсыз жақтары бар.

 

Кәрі ағаш сықырласа да сынбайды.

 

Жасты тартысқа сал,

Кәріні айтысқа сал.

 

Қартайған уақытша өледі.

 

Кәрілік көрге сүйрер.

 

Біреудің шаңырағына ақыл айта барма.

 

Біреу күн нұрына малынса,

Біреу ай сәулесіне зәру.

 

Жүніне қарай матасы,

Теміріне қарай балтасы.

 

Шошқаға алтын жапсаң да – шошқа.

 

Жалғыз адам жұмақта да жабығады.

 

Өсер елдің ақыны көп,

Өлер елдің әкімі көп.

 

Үйренушіге тиын, ұстаға – теңге.

 

Алғашқы күнәні құдай да кешіреді.

 

Сақалдының бәрі сәуегей емес.

 

Халқы соқыр елдің қылиы патша болар.

 

Қисық ыдыстың қақпағы да қисық.

 

Қорқақ,

Қорқаққа көз алдының бәрі – көрқап.

 

Төс болғанша, балға бол.

 

Ақылды саудагердің ақшасы базарда.

 

Жар таңдасаң көзіңе сенбе,

Жұрттың айтқан сөзіне сен.

 

Ақылдының бүгінгі ісі кеше тынған.

 

Бұқа хан атанса,

Бұзау ханзада болар.

 

Бұқа да бұзау болған.

 

Біреуге үйретсең, өзің де үйренерсің.

 

Көп көп біледі, көптен көп білем деген түк те білмейді.

 

Күйкі болса да – күйеуің болсын.

 

Ескі ағаш иілмейді.

 

Бар затыңды бір шегеге ілме.

 

Жоқтық аюды да билетеді.

 

Парызың сөйле деп тұрғанда үндемей қалу – қып-қызыл қылмыс.

 

Керексізді сатып алсаң,

Кейін керегіңді сатарсың.

 

Алжыған арыстанның сақалын қоян да жұлады.

 

Жыртықтан жамау артық.

 

Жақсылап шайнаған ас – жартылай қорытылған ас.

 

Су – көпірді күйретер,

Арақ – басты күл етер.

 

Есектің сөзін есепке алма. 


Мұзафар Әлімбаевтың «Маржан сөз» кітабынан алынған

Бөлісу: