Назым Қызайбай тұратын көшеге жаңа асфальт төселіп жатыр ма?

8 Тамыз, 12:35 552

Желіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай тұратын ауылдың жолы жөнделді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Десе де, Алматы облысының әкімдігі мұны жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Қарасай ауданы Іргелі ауылының көшелері жөндеуден өтіп жатыр деген бейнероликтердің таралуына байланысты әкімдік ақпартты жалған және шындыққа сәйкес келмейді, – делінген хабарламада.

Суретке қарап, жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін байқауға болады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 6 тамызда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: