Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Иә, ол шынымен Мәскеуде болды, ол президентпен жеке кездесті. Біз мұны растаймыз, - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев елордада өткен «Астана клубының» жиынында қатысушылар алдында сөз сөйлеген еді.