Назарбаев Лукашенкомен неге сөйлесті. СІМ жауап берді

26 Маусым 2023, 18:10 1270

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Демалыста Назарбаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті. Беларусь президентінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, екеуі халықаралық жағдай, өңірдегі ахуал және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасын талқылады.

Беларусь Президенті – Тұңғыш президенттің көптен бергі серіктесі. Бұл ретте, өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыреті болып табылады. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қатынастарын тек қазіргі президенттер арасында талқылауға болатындығын атап өтеміз. Күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ, барлық деңгейлерде тұрақты және жан - жақты байланыс сақталған, - дейді Айбек Смадияров. 

Оның айтуынша,екеуі не туралы сөйлесті, нені ақылдасты, өздерінің жеке әңгімесі. Біз тек екі мемлекет басшылары арасындағы қарым-қатынасқа негізделеміз деп отыр.
 
Еске салайық, Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлескені туралы хабарлады. Лукашенко мен Назарбаев халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастарын талқылады, делінген хабарламада.
Миражан Махан
Бөлісу: