Назар аударыңыз: оқушылар арасындағы сурет байқауы

2 Наурыз 2015, 04:17

El.kz әлеуметтік желісі Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай «Ел бірлігі: бір ел – бір тағдыр» деген тақырыпта мектеп оқушылары арасындағы республикалық сурет байқауын жариялайды.

El.kz әлеуметтік желісі Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай  «Ел бірлігі: бір ел – бір тағдыр» деген тақырыпта мектеп оқушылары арасындағы республикалық сурет байқауын жариялайды.

Байқауға Қазақстан Республикасындағы орта білім беретін барлық мектептердің оқушылары қатыса алады. Ол үшін «Ел бірлігі: бір ел – бір тағдыр» деген тақырыпқа сай салынған суреттердің фотоларын төменде көрсетілген электронды адреске жолдау қажет.

Жұмыстар 2015 жылдың 1-25 ақпан аралығында қабылданады. Байқаудың қорытындысы 2015 жылдың 2 наурызында, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де El.kz порталының «Таңдаулы жаңалықтар» айдарында жарияланады. Байқау жұмыстарын news@el.kz  электронды адресіне жолдау қажет.

Байқау шарттары туралы толығырақ мәлімет Байқау ережесінде.

 БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ел бірлігі: бір ел – бір тағдыр» деген тақырыптағы мектеп оқушылары арасындағы республикалық сурет байқауы туралы

 1. Жалпы ереже:

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын қолдауға бағытталған «Ел бірлігі: бір ел – бір тағдыр» тақырыбындағы оқушылар арасындағы сурет байқауы республикалық деңгейде өткізіліп отыр.

2. Байқаудың ұйымдастырушысы әрі үйлестірушісі «Қазконтент» АҚ-ның El.kz интернет жобасы.

 2. Байқаудың мақсаты:

3. Байқаудың мақсаты – бірлік, бейбітшілік пен татулық сынды қазақстандықтар үшін ортақ құндылықтарды нығайту әрі мектеп жасындағы балалар арасында толеранттылық идеясын насихаттау.

4. Байқаудың міндеті:

 – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылған шараларға оқушыларды тарту;

– балалар мен жастардың Қазақстандағы толеранттылық, ұлтаралық достық пен қоғамдық келісім принциптері туралы білімін кеңейту;

– балалар шығармашылығын дамытуға жәрдемдесу;

– El.kz порталында байқауға қатысушылардың үздік жұмыстарынан электронды фотоальбом жасау;

 3. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары:

5. Байқауға Қазақстан Республикасындағы орта білім беретін барлық мектептердің оқушылары қатыса алады.

6. Байқауға қатысу үшін «Ел бірлігі: бір ел – бір тағдыр» деген тақырыпқа сай салынған суреттердің фотоларын төменде көрсетілген электронды адреске жолдау қажет.

7. Жұмыстар 2015 жылдың 1-25 апқан аралығында қабылданады. Байқаудың қорытындысы 2015 жылдың 2 наурызында, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де El.kz порталының «Таңдаулы жаңалықтар» айдарында жарияланады. Байқау жұмыстарын news@el.kz  электронды адресіне жолдау қажет.

8. Ерекше шарттары:

- суреттер ата-ананың, мұғалімдердің көмегінсіз орындалуы керек;

- суреттер кез келген материалда (ватман, картон, кенеп және т.б.), кез келген сурет салу техникасында (майлы бояу, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш және т.б.) орындала береді.

- байқауға жіберілетін жұмыстар А4 (210х290) форматынан кем және А3 (420х580) форматынан үлкен болмауы керек.

9. Байқау жұмысына қоса, автор туралы төмендегі ақпараттар берілуі керек:

- тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы;

- тұрғын үйінің мекен-жайы (облыс, қала, аудан, елді-мекен атауы), оқу орны, сыныбы;

- байланыс телефоны және жеке электронды адресі (немесе байқауға қатысушының мұғалімінің/ата-анасының байланыс телефондары).

10. Байқау ережесі бойынша қазылар алқасының шешімімен "үздік" деп танылған 3 жұмыстың иелері жеңімпаз болып саналады. El.kz порталының атынан тағайындалған арнайы сыйлықтар жеңімпаздарға жеке немесе пошта арқылы тапсырылатын болады.

 4. Байқаудың қазылар алқасы

11. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін, сондай-ақ дауыс сандарын қорытындылау үшін El.kz интернет-жобасы редакциясынан және кәсіби суретшілерден тұратын қазылар алқасы құрылады. Жұмыстар байқау тақырыбына сай болуы, идеяның жаңалығы, сапасы сынды критерийлер бойынша сұрыпталады.

12. Қазылар алқасының шешімі өзгертуге жатпайды.


Байқауға байланысты барлық сұрақтарды news@el.kz  электронды адресіне жібере аласыз. Байқауға қатысушылардың жұмыстары El.kz порталында жарияланатын болады. 

Бөлісу: