16 наурыз - наурызнаманың үшінші күні. Бүгін елімізде Шаңырақ күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл күні отбасылық құндылықтар дәріптеліп, сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек пен анаға құрмет, ұрпақ сүю бағытында іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар үлкендерден бата алынып, отбасылық дәстүрлер насихатталады.
Шаңырақ - қазақ мәдениетінде отбасының, ошақтың, тұтастықтың символы болып табылады.
Айта кетсек, жыл сайынғы дәстүр бойынша Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі 14-23 наурыз аралығында өтеді. «Наурызнама» халықтың тұрмыс-тіршілігі көрінетін барлық саланы қамтиды.