"Қазгидромет" синоптиктері 1, 2 және 3 наурыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Демалыс күндері батыс аймақтарға циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауып, боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
2 наурызда республиканың солтүстік-батысында қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Сондай-ақ, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанып отыр.
Ауа температурасы:
Бұл күндері ауа райы құбылмалы болатыны айтылды.