Наурызбай қажыға әлі әруақ дегіземіз - Ерлан Төлеутай

16 Мамыр 2023, 10:39 1448

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлыны «әруақ» сөзін аз қолдану, ал реті келсе, мүлдем қолданбау керегі сөзіне белгілі өнер зерттеушісі, әнші Ерлан Төлеутай өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 

Аллаға серік қоспау, Аллаға сыйыну, Алладан сұрау – негізгі шарттардың бірі. Мұсылман халқы болғандықтан тілегімізді бір Аллаға сыйынып, бата береміз. Кәрі мұсылман, тақуа жандардың тілегі қабыл болады. Бата сөзінің ғылыми негізі «Фатиха" деген сөзден шыққан. «Фатиха» сүресі Құранның алғашқы сүресі екенін білеміз, – деген болатын Наурызбай қажы Тағанұлы.

Имамның бұл пікірі қоғамда резонанс тудырды. Имамды жақтап оның айтқанын дұрыс деп есептесе, кейбіреуі мұны қателік деп есептейді.

Наурызбай шейхқа әлі әруақ дегіземіз, демесе бас мүфтиліктен қош айтыстырамыз. Наурызбай молданың қазақтың аруағына қарсы шығуын – саудиялықтардың ықпалынындағы мүфтияттың ұстаннымы деп білеміз әрі қатаң айыптаймыз. Бұған билік назар аударуы тиіс һәм қажетті шаралар қолдансын! –деп жазды Ерлан Төлеутай.

Бұған дейін «Әруақ қолдасын» деп айтуға тыйым салынуы мүмкін екенін жазғанбыз.

 
Равиль Ашығали
Бөлісу: