Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері наурыздағы мереке күндерінде жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 8 наурыз күні «Халықаралық әйелдер» және 21-23 наурыз аралығы «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды. Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз,-делінген мәліметте.