Үкімет басшысы қазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын.
Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!», - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың құттықтауында.