Наурыз айындағы мерекелер қарсаңында қосымша пойыздар шығарылады

Бүгiн, 10:10 298

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының хабарлауынша, Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар шығарылып, 58 мыңнан астам орын ұсынылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық әйелдер күні мерекесі кезінде 265 қосымша тіркеме вагон қосылып, қала маңы пойыздарының жүру жиілігі артады:

«Астана-1- Бурабай курорты» – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығында қатынайды.

«Теміртау-Ақадыр» – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығы.

Наурыз мейрамы кезінде 432 қосымша тіркеме вагон қосылып, 20 мыңнан астам орын ұсынылады. Үш пойыз қосымша жолға шығады:

№201/202 «Астана (НЖ)-Алматы-1» – 20, 21, 23, 24 наурыз аралығында қатынайды.

№203/204 «Астана-1-Шымкент» – 21, 22, 24, 25 наурыз аралығы.

№257/258 «Ақтөбе-Астана (НЖ)» – 16, 18, 20, 22, 23, 25 наурыз аралығы.

Қала маңы бағыттарында қосымша электр пойыздары іске қосылады:

«Астана-1-Бурабай курорты» – 21, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды.

«Қарағанды-Астана-1» – 21, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: