Наполеон Бонапарттың көшбасшылық сабақтары

31 Шілде 2014, 09:40

Ұлы император І Наполеон Бонапарт – 1769 жылдың 15 тамызында Корсика аралындағы Аяччода дүниеге келген.

Ұлы император І Наполеон Бонапарт – 1769 жылдың 15 тамызында Корсика аралындағы Аяччода дүниеге келген. Француздардың императоры, ұлы қолбасшы және бүгінгі француз мемлекеттілігінің негізін қалаушы мемлекеттік қайраткер Наполеон Бонапарт  1804—1815 жылдары билік құрған.

Император Наполеон Бонапарттың  нағыз көшбасшы, көсем екендігін оның замандастары бірден байқамады. Жас Наполеон Бонапартта анық  көшбасшылық қырлары бастапқыда көрінбеді, олар кейін көрініс бере бастады. Наполеон бітірген әскери мектептің басшылығы оған сенімзідікпен қарады, жарқын болашағы болмайды деп жазды. Бірақ тарих барлығын өз орнына қойып, әлем Францияның жаңа Ұлы Императорын, Наполеон Бонапартты таныды.

Наполеон Бонапарттың мінезі және көшбасшылық қырлары жылдар бойы қалыптасты.  Наполеон Бонапарттың адам психолгиясын қалай жақсы білетінін онын замандастарынан қалған әңгімеден байқауға болады.

Бір күні Император Наполеон Бонапарт әскери объектілердің бірінде бекеттерді аралап тексеріп жүрген еді. Аралаған кезде, өз бекетінде ұйықтап қалған солдатты байқап қалды.  Сол кезде Франция бүкіл Еуропаның елдерімен соғыс жағдайында болған еді. Соғыс уақытындағы заңдар бойынша бекетте ұйықтап қалған солдатты ату жазасына кесу керек, бірақ Император мүлдем басқа шешім қабылдады.

Наполеон Бонапарт солдаттың қолынан құлаған винтовканы көтеріп, бекеттегі оның орнына тұрды.  Императормен бірге әскери объектілерді аралаған сержант, Наполеонның бұл солдатты ату жазасына кесетініне сенімді болды, бірақ Императордың солдаттың орнына қарауылға тұрғандығы сержантты қатты таң қалдырды. Бірақ кейін ол бұл әрекеттің психологиялық мотивін түсінді. Егер Наполеон бекетте ұйықтап қалған солдатты ату жазасына кессе, әскерде оның өте қатал екендігі жайлы сөздер жүре бастайтын еді. Наполеонды құрметтеу әрине жалғасар еді, бірақ бұл құрмет қорқынышқа негізделген, яғни ұзаққа созылмайды.

Император Наполеон Бонапарт қарауылға тұрудың нәтижесінде, біріншіден, солдатты өлімнен құтқарса, екіншіден,оның армиясындағы барлық солдаттар сияқты бірдей міндетін өтеді. Сонымен қатар Наполеон қарапайым адамдардың әлсіздігіне адамгершілік тұрғысынан қарайтынын, осы әрекеті арқылы әділетті және дана көшбасшы екендігін көрсетті.

Наполеон Бонапарттың әскери жорықтары барлық еуропалық елдерге бағытталған. Император Италия, Мысыр, Польша, Аустрия, Ресей сияқты елдерге шабуыл жасады. Император Наполеон Бонапарттың есімі тарихта алтын әріптермен мәңгілікке сақталады.

Бөлісу: