Нан мен ұн өнімдерінің бағасы қымбаттай ма? Министр жауап берді

22 Тамыз 2023, 12:02 1067

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздегі нан мен ұн өнімдерінің бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда бағаның өсу әлеуеті байқалмайды. Сондықтан жоспар бойынша нанға және ұн өнімедеріне баға тұрақты болады. Еліміздегі азық-түлік келісімшарт корпорациялық қорында бидай жеткілікті. Өзімізді, ішкі нарықты және тұтынушылардың сұранысын толықтай қамтамасыз ете аламыз, - деді министр.

Бұған дейін Үкімет отырысында министр астық жинау науқанының басталғанын атап өткен болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: