Намибияның тұңғыш президенті Сэмюэль Дэниел Шафиишуна Нуйома 95 жасында Виндхук қаласында өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ел президенті Нанголо Мбумба 9 ақпан күні таңертең жасаған ресми мәлімдемесіде атап өтті.
Еліміздің ең қайсар перзенті бұл жолы дертінен айыға алмады. Сондықтан мен бүгін таңертең, 2025 жылдың 9 ақпанында Намибия халқына, африкалық бауырластарымызға және бүкіл әлемге құрметті бостандық үшін күрескер және революциялық көшбасшы, мәртебелі доктор Сэм Шафиишуна Нуйоманың қайтыс болғанын үлкен қайғымен хабарлаймын. Президент Нуйома 8 ақпанда 23:45-те Намибияның Виндхук қаласында 95 жасында қайтыс болды, - деді Нанголо Мбумба.
Намибияның алғашқы президенті соңғы үш аптада денсаулығының нашарлауына байланысты ел астанасы Виндхуктегі ауруханада ем қабылдап, дәрігерлердің бақылауында болған.
Сэм Нуйома 1929 жылы 12 мамырда Намибияның солтүстік-батысында, Омусати аймағындағы Этунда ауылында дүниеге келген. Ол Оңтүстік-Батыс Африка Халық Ұйымының (SWAPO) негізін қалаушы және елдің тәуелсіздік жолындағы күресін басқарған саяси қайраткер. 1990 жылы Намибия тәуелсіздігін алғаннан кейін, алғашқы президент болып сайланып, 15 жыл бойы (1990-2005) елді басқарды.