Намазың өзің үшін, ал бізге қоғамның бірлігі керек - Нұрлан имам

29 Қаңтар, 18:36 1058

Әлеуметтік желіде Нұрлан имам деп танылған Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы құлшылық ететін және оны жұртқа жария ететіндерге кеңес айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Намазың, оразаң, құлшылығың өзің үшін, бізге қоғамның бірлігі, ынтымағы керек. Намаз оқығандар, кеуделеріңді керіп жүрмей-ақ қойыңдар. Имам Ахмат: «Түні бойы таһажүд оқып, күндіз елдің ішінде көкірегіңді керіп жүргенше, түні бойы ұйықтап, күндіз бейшара болып жүрген жақсырақ» дейді. Көп адам құлшылығымен, сауаптарымен мақтанады. «Адам құлшылығымен мақтанса, күнәсінің көптігінің дәлелі» деген қағида бар. «Мен 17 рет Меккеге барғанмын, 64 рет қой сойғанмын» деп айта берсе, бұл оның күнәсінің көптігіне дәлел деген сөз. Мақтанбаңыз, жасырыңыз. Ата-бабамыз да беретін садақасын жасырып берген. Сондықтан садақаңызды, қайырыңызды ешкім білмесін, - деді Нұрлан имам.

@olzhik2301

 

♬ оригинальный звук - Olzhik2301

Мадина Асылбекова
Бөлісу: