Әлеуметтік желіде Нұрлан имам деп танылған Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы ұстаған оразасын, оқыған намазын алға тартып, жұртты алдауға тырысатындарға басу айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Имам мұндай адамдар мұсылмандарға қарсы әрекет жасап жатыр дегенді алға тартты.
Қалай орамал тағып, қай шариғаттың заңымен жүретінін түсінбеймін. Бұл елімізге, мұсылмандарға қарсы әдейі жасалып жатқан дүние. Сол намаз оқығандарға көп алданғандардың бірі менмін. Намазды ортаға қойып тұрып сөйлейді. Намазды, мешітті неге ортаға қоясың?! Мұсылман емес адамдардың айтқан мынадай сөзі бар: «Діншілдігіңді Құдайыңа көрсет, маған адалдығың, адамдығың керек». «Мен намаз оқимын, Меккеге 17 рет барғанмын, өтірікті көп айтпаймын, кішкене ғана айтамын» деудің не керегі бар?! Бұл – надандық. Жастар бұдан шығуы керек. Егер кім де кім намаз оқығанын, ораза ұстағанын, біреумен құшақтасып суретке түскенін ортаға қоятын болса, бұл имам Ғазалидің айтқан сөзіне келеді: «кім ішкен-жегенімен, киген киімімен мақтанса, оның құны сол іштен шыққанмен тең». Сізге адами сипатпен қарым-қатынас жасаған адамды ғана шынайы мұсылман деп айтуға болады, - деді Нұрлан имам.
@utebaevkambar НАҒЫЗ МҰСЫЛМАННЫҢ СИПАТЫ! НҰРЛАН ИМАМ
♬ original sound - 🇰🇿Өтебаев Камбар✅