Нафтизинге тәуелділік
19 Наурыз 2016, 07:47
Бұл тәуелділіктен құтылудың ең басты жолы ол — нафтизинді мүлдем қолданбау. Алғашқы апта ұйқысыз өтуі мүмкін. Бірақ, уақыт өте келе мұрын қуысындағы көк тамырлар өздігінен тіріле бастайды.
- Нафтизин — көк тамырларды тарылтуға арналған дәрі.
- Құрамында нафазалин бар түссіз сұйқтық.
- Дәріханаларда бағасы 100 теңгенің айналысында болғандықтан, мұрынға тамызатын дәрілер арасында нафтизин үлкен сұранысқа ие.
- Нафтизин тамшыларына тәуелділік жайлы ең алғаш 1945 жылы неміс ғалымдары мәселе көтерген.
- Халық арасында көбінесе тұмау ауыруы, аллергия, ринит, гайморит секілді дем алуды қиындататын ауырулар кезінде көп қолданады.
- Дәрігерлер бұл дәріні 3-5 күннен артық тамызбауға кеңес береді. Ұзақ уақыт қолдану нафтизинге тәуелділікке алып келеді.
- Бұл дәріні күніне 10-15 рет 30 жылдан астам уақыт үздіксіз тамызып жүрген адамдар бар.
- Құрамындағы нафазалин — мұрын ішіндегі көк тамырлардың өздігінен жұмыс істеуін тоқтатады.
- Нафтизин есірткі болмағанымен оған тәуелділік нашақорлыққа өте ұқсас. Бұл тек ағзаның ғана тәуелділігі емес, сондай-ақ, психологиялық тәуелділік тудырады.
- Дәрігерлер жүкті әйелдерге бұл дәріні тамызуға мүлдем тиым салады. Өйткені, ол — дүниеге келген сәбидің де бұл дәріге тәуелді болуына алып келуі мүмкін.
- Соңғы уақытта нафтизинге тәуелділіктен құтылдыру мақсатында сайттар мен блогтар ашылып, әлемдік семинарларда дәрігерлер бұл дәрінің сатылуына мүлдем тиым салу керектігі жайлы ұсыныстар жасалды.
Нафтизиннің адам ағзасына тигізетін зияны
- Мұрын ішіндегі көк тамырлардың өздігінен жұмыс істеуін тоқтатады. Қалыпты жағдайда көк тамырлар мидың берген бұйрығымен тарылып-кеңиді. Ал бұл қызметке сыртқы фактор әсер ете бергендіктен, біраз уақыт өткеннен кейін мидың берген бұйрығын мұрын мүлдем қабылдамайды.
- Ұзақ жыл бұл дәріні тамызып жүрген адам психикалық ауыруларға шалдығуы мүмкін.
- Иіс сезу рецепторлары нашарлайды.
- Есту мүшесінің нашарлайды.
- Көру қабілеті төмендейді.
- Бұлшық ет сіңірлері тартылады.
- Қан қысымы көтеріледі.
- Жүректің жұмыс істеуі нашарлайды.
- Әлсіздік пен ұйқыбастыққа алып келеді.
Нафтизинге тәуелділіктен қалай құтылуға болады?
- Бұл тәуелділіктен құтылудың ең басты жолы ол — нафтизинді мүлдем қолданбау. Алғашқы апта ұйқысыз өтуі мүмкін. Бірақ, уақыт өте келе мұрын қуысындағы көк тамырлар өздігінен тіріле бастайды.
- Дәрігердің нұсқауымен гормоналды препараттар арқылы емделуге болады.
- Нафтизинге тәуелділік — созылмалы ринит ауыруына алып келген жағдайда хирургиялық ота жасалады.
Рүстем ӘЛПИ