31 Шілде 2014, 07:21
– Қазақстан Жазушылар одағының 70 жылдық тарихы бар екендiгi белгiлi. Бұл Одақта қазақтың маңдайалды атпал азаматтары мен бiртуар дарын иелерi қызмет еттi, басқарды, жаңа дəуiрдегi қазақ əдебиетiнiң iргетасын қалады. Қазiр «Жазушылар одағын жабу керек» деген əңгiмелер естелiп қалып жатыр. Əрине, бұл iшкi есебi бар топтың ғана мүддесi екенi айқын. Дегенмен, Одақтың басқарма төрағасы ретiнде не айтар едiңiз?
– Қазақ əдебиетiнiң тарихы жүз жылдарға емес, мың жылдар-ға созылып жатыр. Анахарсис (Анарыс), Майқы билерден қалған қасиеттi сөздердiң жаңғырығы мен Көк түрiктер дəуiрiнен бiзге жеткен тастағы жыр үлгiлерi соның айғағы емес пе?! Орта ғасырдан жеткен əл-Фараби, Қожа-Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати еңбектерi, Асан Қайғы мен Абай арасын жалғап жатқан бай мұраларымыз соның көрiнiсi емес пе?!
Тамырын тереңге жайған, дауысы зор ұлт əдебиетi ХХ ға-сырда қайта дəуiрледi. Жазба əдебиетi қанатын жая бастаған осы бiр аумалы-төкпелi кезеңде – өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Жазушылар одағы өмiрге келдi. Киелi шаңырақ-тың iргетасын қалауға Сəкен, Iлияс, Бейiмбет, Мұхтар, Сəбит, Ғабит, Ғабиден секiлдi халқымыздың арыстары мен алыптары ерен еңбек сiңiрдi.
Дəуiрдiң өзi шыңдап шығарған қоғамдық ұйымды жағым-сыз, жайсыз пiкiр айтып жүрген бiрдi-екiлi адамдар мен пiкiрi бөтен, мақсаты бөлек топтар тарата алмайды. Ұйымның жар-ғысы, өзiнiң өмiр сүру үлгiсi, басқару органы бар. Сондықтан ұйымды тарату, таратпау мəселесi сол жүйелi құрылымның қолында. «Құтырған түлкi өз апанын қабады» демекшi, өзi су iшкен құдығына түкiрiп отырған əсiре айқайшылдарға бұл Одақ ұнамаса, мүшелiктен шығып кете берулерiне болады. Тiптi бол-маса, ондайлардан құтылуға ұйымның да өз құқы бар…
– Биылғы əдеби жыл қорытындысына «қазақ қаламгер-лерi түгел қатысты» деп айта алмаймыз. Ал қатысқандар-дың кейбiреулерi бұл жиынға көңiлi толмағандықтарын айтады.
– Мен Одақтың мүшелiгiне 30 жасымда қабылданған екен-мiн. Мiне, 27 жылдың бедерi болып қалыпты. Осы мезгiл iшiнде Одақтың бастан өткерген талай iрiлi-ұсақты дауыл, борандарының куəсi болып келемiз. Бұл Одақты басқарған алып-тар шоғырының да, айбыны мықты ағаларымыздың да алғыс ала қойғандары шамалы… Мен де «Одақтан алғыс ести қоямын» деп келген жоқпын… Шынын айту керек, бұл шаңыраққа мен Одақтың тарап кету қаупi төнiп тұрған қиын кезде келдiм.
1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағының съезi болды. Сол съезде баламалы негiзде сайландым, тiзгiндi қолға алған күннен бастап байқағаным, Одаққа тиесiлi дүние-мүлiк тегiс қолды болып кеткен. Осы отырған зəулiм ғимаратымыз да, əл-Фараби атындағы Шығармашылық үйi де ара ағайындардың қолында кеткен. Жазушылар одағының өзi iштен топ-топқа бөлiнiп, несiбелерi шайқалып отырған тұс. Келген бетте етек-жеңiмiздi жиып, жоғымызды түгендеуге кiрiстiк. Одақтың басшысы болған соң отқа да, суға да түсуге тура келдi. Үш жылдан астам соттастық… Қарсыластар да аянып қалған жоқ. Ақыры əдiлдiк туы желбiредi. Бiз жеңдiк. Екi ғимараттың екеуi де ұйым иелiгiне қайтты. Бiрақ қиындық мұнымен бiтпедi. «Қоғамдық ұйым» де-ген сөз алдымыздан сан шықты. Қаржыландыру мəселесiн шешу соттан кем болмады. Қалталы фирмалар қаржысын беталды далаға шашқылары келмедi. Шығарып салды…
«Қимылдаған қыр асады» деп, қимыл жасадық. Ендi, мiне, 49 жылға емiн-еркiн пайдалануға берiлген ғимараттарымыз жарқырай бастады. Əрекет еттiк. Əдеби үдеріс жандана бас-тады. Бiз келген кезде жыл сайын өтiп тұратын əдеби жыл қорытындысының өтпегенiне бiрер жылдың жүзi болған екен. Осы үрдiс қайта жалғасты. Дегенмен, жасыратыны жоқ, қаламгерлер əдеби жыл қорытындысына селсоқ қарайды. «Бiр кезде керемет өтушi едi» деген сөздiң бəрi құр даңғаза, дақпырт. Бұрын да солай болған… Ол кезде де шығармалары жарық көрген қаламгерлер ғана жылы пiкiр естiп, жақсы баға алу үшiн əдеби жыл қорытындысына басымырақ келетiн. Осы бiр салғырттық ауруы əрiптестерiмiздiң ойын, санасын тым кеулеп бара жатқандай... Сыртта жүрiп айқай-сүрең салғанша, осындай алқалы жиындарда бас қосып, өздерiнiң кəсiби əңгiмелерiн ортаға салмай ма?! Биылғы əдеби жыл қорытындысынан бiз осындай сипат, осындай мiнез күтiп едiк. Өкiнiшке қарай, сол газет-журнал беттерiнде сыпсыңның көрiгiн үрлеген ағайындар, неге екенiн қайдам, жиынға келмедi… «Əдебиет жоқ», «қазақ əдебиетiнiң халы мүшкiл», «соңғы жиырма жыл iшiнде бiрде-бiр iлiп алар шығарма жоқ» деушiлер төбе көрсетпей қойды. Екi күнге жоспарланған жиын бiр күнде аяқталды.
– Қазақстан Жазушылар одағының 700-ден астам мүшесi бар екен. Солардың iшiнде «ақын, жазушы» деп айтуға тұрмайтындары да бар» дейдi кей сыбыс. Осы сөз қаншалықты рас?
– Бұл айтылып келе жатқан, алда да айтыла беретiн бəтуасы қиын əңгiме… Мəселе – қаламгерлердiң санында емес. Өз басым «700 жазушының барлығы бiрдей керемет дүние жазуға тиiс» деп ойламаймын. «Жүзден – жүйрiк, мыңнан – тұлпар» демейтiн бе едi, қазақ атамыз.
Иə, Одақ мүшелерi əртүрлi басшылық кезiнде мүшелiкке өткен… Мысалы, өз басым Одаққа мүшелiкке 1978 жылы Əнуар Əлiмжановтың тұсында кiрдiм. Тiземiз дiрiлдеп, осы кабинеттiң босағасын аттар сəттегi толқуым есiмнен шықпай-ды. Смағұл Елубаев, Сатыбалды Нарымбетов үшеумiз бiр галс-тукты бiрiмiзден соң бiрiмiз ауыстыра тағып, Ғабең бастаған алқа-лы топтың алдына барған сəттi қалай ұмытайын?! Бiз үшiн қа-сиеттi шаңырақтың босағасын аттау – үлкен бақыт болатын…
Ендi… «Одақ мүшелерiнiң саны көп» деген əңгiме тура-лы. Өткен ғасырдың соңында Қытай, Моңғолия секiлдi ел-дерден қоныс аударған қандастарымыздың қатарында көп қаламгерлер келдi. Солардың көпшiлiгi кезiнде Одаққа еш кедергiсiз қабылданды. Құшақ жая қарсы алудың арқасында қандастарымыздың есебiнен санымыз күрт өстi. Бұл – бiр. Екiншiден, өтпелi кезеңнiң аумалы-төкпелi мiнезi рухани кеңiс-тiгiмiздi сансыратқан сонау тоқсаныншы жылдардың басында əдебиет пен өнерге деген қамқорлық əлсiредi. «Шөп те өлең, шөңге де өлең» демекшi, осы тұста Одаққа əралуан жолмен əртүрлi адамдардың келгенiн кейiн-кейiн байқадық…
– «Соңғы съезд қарсаңында жастар шамадан тыс қабылданып кеттi» деген əңгiменi де құлағымыз шалып жүр…
– 2001 жылы жас ақын-жазушылардың Республикалық кеңесi өттi. Үлкен оқиға санатында болған Кеңес соңында Одақ қатары 30-дан астам талантты жастармен толыққаны рас. Жас-тар – əдебиетiмiздiң ертеңi. Ертеңiн ойлаған əдебиет тозбай-ды. Əдебиетiн ойлаған елдiң ертеңi қашанда жарқын. Мен сол талантты жастармен Одақ қатарының толыққанына қуана-мын. Жəне сол үшiн уақыт алдында да, адамдар алдында да кепiлдiк беруге, жауап беруге əзiрмiн…
– Шетелдерде арнайы тапсырыс арқылы кiтап жазатын қаламгерлер бар екен. Оларға алдын-ала қаламақы төленiп, кiтап шыққан соң оны таратумен де айналысатын ұйымдар бар. Бiз осындай жүйеге жуық арада көше аламыз ба?
– Бiзде де мұндай құрылымдар болған. Ол кезде басылым, баспалар тек мемлекет қарамағында болатын. «Кiтап саудасы», «Баспа жəне полиграфия жөнiндегi комитет» деген үлкен-үлкен мекемелер жұмыс iстейтiн. Ең төменгi таралымымыз он мың бо-латын болса, ал жоғарғысы жүз-жүз елу мыңнан асып жығылып жататын. Мiне, кiтаптың сатылуы мен таралымын əлгi мекеме-лер қадағалап, үйлестiрiп отырушы едi. Қазiр… Оқылатын кiтап сатылады, оқылмайтыны қалады… Көркемдiк дəрежесi биiк шығармалар ғана рухани кеңiстiкке шыға алады. Бұл – уақыт ұсынар қатал қағида. Өзiң айтпақшы, капиталистiк елдерде баспагерлер əлемдiк деңгейде есiмi белгiлi қаламгерлердiң туындыларын таласып-тармасып шығарады. Сұраныс деген – осы. Осындай авторлардың артынан баспагерлер жүгiрiп жүрiп «Жаңа кiтабыңыз бар ма? Бар болса, келiсiм-шарт жасайық» деп келiссөз жүргiзедi. Егер екi жақ сəттi келiсiм жасасса, бас-пагерлер əлi жарық көрмеген кiтаптың белгiлi бiр мөлшердегi қаламақысын алдын-ала төлейдi. Сосын ол кiтаптың басылу құқығына сол баспа ие болады.
Ал бiзде ше? Бiзде «қаламақы» деген ұғым – естен шыға бастаған дүние. Жазушының еңбегi еш. Бiрен-саран мемлекеттiк сұраныстың жұқа қалтасынан адасып түскен тиын-тебен болмаса, баспалардың денi қаламгерлер қауымын «тақырға» отырғызып келе жатқаны да шындық. Жазушы еңбегi өзiнiң адал бағасын алмай, яғни қаламақы мəселесi түбегейлi жолға қойылмай, ұлт əдебиетiнiң қанат жая қоюы қиын-ау, қиын… Осындай жүйеге жету үшiн бiзге не керек? Бiрiншiден, тiлге, екiншiден, əдебиетке деген сұраныс қажет. Үшiншiден, жазушы еңбегiнiң қайтымы керек. Қаламақы мəселесiн шешу керек. Өкiнiшке қарай, қазiр бiзде əдебиетке деген сұраныс қалыпты деңгейде емес. Ана тiлiне деген сұраныс та көңiл көншiтпейдi. Осындай жағдайда əлгiндей жүйеге жету – қазақ жазушылары үшiн əзiрше аңыз, ертегi. Ағылшын тiлiнде жарты əлем сөйлейдi. Сондықтан да ол тiлде кiтап жазған автор бiр жылда миллионер болып кетiп жатады. Бұл – тiлдiң беделi. Ал əдебиеттiң беделi – екiншi кезектегi мəселе. 15 миллион халқы бар Қазақстандағы тiлдiң абырой-беделiн жарты дүние сөйлеп, жарты əлем оқитын ағылшын тiлiмен қалай салыстыруға болады?! Сондықтан тiл мен əдебиеттiң беделiн қатар көтеру үшiн мемлекеттiк тұрғыда бағдарлама жасауымыз қажет. Бұл – пiсiп, əлдеқашан жетiлген мəселе.
– Əдебиеттiң ең өзектi саласының бiрi – аударма. Осы салаға тиiстi дəрежеде көңiл бөлiнiп отыр ма?
– Астанада «Аударма» деген арнайы баспа ашылғалы берi əлем əдебиетiнiң озық үлгiлерiн қазақ тiлiнде сөйлететiн тəжiрибелi, жүйрiк аудармашылардың жағдайы түзеле бастады. Олардың сенiмi күшейiп, үмiтi оянды.
Бiрақ аударманың бүкiл проблемасы осымен бiтпейдi. Оның тағы да бiр өзектi мəселесi бар. Ол – əдебиетiмiздiң бүгiнгi таңдағы таңдаулы шығармаларының өзге тiлдерде сөйлемей жатуы.
Əсiресе, орыс тiлi арқылы əлемдiк əдебиеттiң айдынына шығатын жолды өзiмiз бiтеп отырған сияқтымыз. Бүрындары əдебиетiмiздiң озық үлгiлерiн орыс тiлiнде көркем сөйлетпес бұрын, əуелi жолма-жол аударма дейтiн көпiрден өтетiнбiз. Қазiр сол көпiр жоқ. Төлейтiн қаражат жоқ. Егер Ақпарат министрлiгi осы көпiрдi қайта құруды өз мойнына алып, жолма-жол аударма мəселесiне қаржы қарастырса, қазақ əдебиетiнiң озық үлгiлерiн ондаған миллион оқырманы бар еуразиялық кеңiстiкке еркiн тарату мүмкiндiгiн шешуге болар едi.
Қазiр төте аударма өмiрiмiзге дендеп енiп келе жатыр. Бұл – ұлтымыздың өскендiгiн бiлдiредi. Бiзде ағылшын, немiс, фран-цуз тiлдерiн терең меңгерген мамандар бар. Солардың бi-рi – Ғалымжан Мұқанов. Ол Абай мен Махамбеттi төте ау-дарма арқылы француз тiлiнде сөйлеттi. Бұл – үлкен жетiстiк. Сондай-ақ, ол Мұхтар Əуезовтiң «Қилы заманын» да француз тiлiне аударды. Мұхтар Əуезовтiң 100 жылдық мерейтойын Париж қаласында атап өтiп жатқан кезде əлгi аудармаларды француздардың өздерi жер-көкке сыйғызбай мақтады. Мен мұны өз көзiммен көрiп, өз құлағыммен тыңдадым. Сондықтан аудармаға ерекше ықылас аудару қажет. Аударманы ұлтты танытудың үлкен жолы деп бағалауымыз керек.
– Басқа мемлекеттер мен республикалардың Жазушылар одағымен байланыс бар ма? Қандай шаралар жүзеге асып жатыр?
– Қазiр Мəскеудегi Ресей жазушылары 5 – 6 топқа бөлiнiп, жеке-жеке əдеби ұйымдар құрып, тоз-тозы шығуда. Бiрiмен бiрi керiсiп, алды соттасып та жатыр. Iргемiздегi қырғыздар үшке бөлiнiп, осы уақытқа дейiн мекендеген ғимараттарынан айрылып қалды. Түркiмендер министрлiктiң шағын басқарма-сы секiлдi болып отыр. Өзбектердiң де маңдайы шылқып отыр-ған жоқ. Мiне, баяғы туысқан республикалармен салыстырып қарап отырсақ, бiздiң Одақтың жағдайы көш iлгерi. Бiз əлемге шығатын интрегациялық жолдар мен байланысты нығайтып алдық. Мəскеуде С.Михалков басқаратын Халықаралық Жа-зушылар одағының қауымдастығы бар. Мен сол қауымдастық төрағасының Орта Азия бойынша орынбасарымын. Бiз Мəс-кеуде осы қауымдастықтың ықпалымен Абай, Мұхтар, Сəбит, Ғабит секiлдi алыптардың мерейтойларын өткiздiк. Соны-мен қатар, түрiк, қырғыз, өзбек елдерiмен де байланысымыз жақсы. Өзбекстандық Мирболат деген бауырымыз Абайдан бастап 30 – 40 қазақ ақындарының шығармаларынан тұратын антологияны өзбек тiлiнде дайындап жатса, қырғыз тiлiнде де қазақ поэзиясының антологиясы жарық көргелi отыр. Мұхтар Əуезовтiң 100 жылдығы кезiнде үлкен халықаралық симпози-ум өткiздiк. Ол жиынға 25 елден 40 – 50-дей өкiл келдi. Сол сияқты, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов, Ғ.Мұстафин мерейтойлары-на да ТМД елдерiнен қаламгерлер келiп қатысты. Бұл шаралар-дың барлығы бiздiң шетел жазушыларымен байланысымыз-дың жолға қойылғандығын байқатса керек.
– Əңгiмеңiзге рақмет.