Нұрлан ӨНЕРБАЕВ: "Мен өте бай адаммын"

31 Шілде 2014, 09:19

Нұрлан ӨНЕРБАЕВ, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Нұрлан ӨНЕРБАЕВ, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

«МƏДЕНИЕТТI ДАМЫТАТЫН МИНИСТР ЕМЕС»

Сiз алдымен актер болдыңыз. Келе-келе əншi атандыңыз. Қазiр бiлдей «Қазақ радиосын» басқарып отырсыз. Осы үш саланың қайсысына көбiрек «еңбек сiңiрдiм» дер едiңiз. Жəне еңбегiңiздi немен байланыстырасыз?

– Бiрiншiден, атқарған қызметiмдi, сiңiрген еңбегiмдi айта қоятындай мен əлi өмiр жолының жағалауына келiп тұрған жоқпын деп ойлаймын. Екiншiден, өзiме-өзiм баға бергенiм ұяттау болар. Оны менiң өнерiмдi көрiп, тыңдап, қадағалап жүрген көрермендерiм мен тыңдармандарым айтсын. Менiң атқарған қызметтерiмнен гөрi, атқарар, сiңiрер еңбектерiм, мақсат-мұраттарым мен жоспарым көп.

– «Қазақ радиосындағы» басшылық қызметтi өзiңiзге қол көресiз бе? Жалпы, «өз орнымда отырмын, жақсы нəрселер жасап жатырмын» деп есептейсiз бе?

– Мен еңбек жолымды театрдан бастадым. Жиi-жиi гастроль-дерге шығып тұрдық. Қазақстанда, алыс-жақын шетелдерде болдық. «Үйден қырық қадам шықсаң, мүсəпiрсiң» дегендей, кейде əлеуметтiк, қаржылай, тағы сол сияқты қиыншылықтар мен тығырықтарға кез болып жатасың. Сонда ұжымда бiрге жүрген ағаларымыз бен апаларымыз өкпе-ренiштерiн жасыра ал-май, Мəдениет министрлiгiнде отырған жауапты қызметкерлерге «бағыштап» наздарын айтып отырады. Шынында, Мəдениет министрлiгiнiң мақсаты – өнер майталмандары мен өнер ұжымдарына жəрдем беру, олардың жұмыс iстеуiне лайықты жағдай жасау, əлеуметтiк мəселелерiн қамтамасыз ету емес пе?! Бiзде бiр министр сайлана қалса, бүкiл өнердiң тұтқасын өзi ұстап отырғандай сезiнiп, шiренедi. Мəдениет пен өнердi жасайтын да, оны одан əрi дамытатын да министр емес, өнерпаз. Мен театрдың труппа жетекшiсi болдым. Театр директорының, көркемдiк жетекшiсiнiң оң қолы бола жүрiп, көп тəжiрибе жинақтадым. Ұйымдастыру жұмыстарына белсене араластым. Одан кейiн «Қазақ радиосында» 6 жыл диктор болып жұмыс iстедiм. Осы алты жыл iшiнде радио ұжымымен бiте қайнасып, олардың мұң-мұқтажымен жете таныстым. Менi осы қызметке шақырған кезде «ойландым, толғандым, қабырғаммен кеңестiм» деп айта алмаймын. Қызметке келiсiмен менi «Осы тұралап қалған мекемеге қайтсем көмегiмдi тигiзем, ұжым мүшелерiнiң еңсесiн қалай көтерiп, олардың сапалы жұмыс жасауы үшiн не керек»? деген сауалдар мазалады. Өйткенi, олардың көп уақыты осы жұмыс орнында өтедi. Таңның атысы, күннiң батысы қызметте жүрген адамға еш кедергi болмауы тиiс. Ол қызмет орнында жүрiп тамақ iшуi керек, демалуы керек, ыстық-суық суы болуы керек, радио тыңдауы қажет. Қазiргi заман талабы-на, заман көшiне iлесе алатындай техникалық жабдықтармен қамтамасыз етiлуi керек.

Осы алғышарттарды ескере отырып, «Қазақ радиосының» ғимаратын күрделi жөндеуден өткiздiк. Телерадио қызмет-керлерiнiң айлығын көтерiп, қаламақы төлей бастадық. Сандық технологиялар мен құрал-жабдықтар алдық. Қысқасы, iстi өзiмiздi-өзiмiз сыйлаудан, қадiрлеуден, бағалаудан бастадық.

 

«ƏДЕЙI ЖЕҢIЛГЕН ЖОҚПЫН»

Сiздi «Елбасымен жақын араласады, бiрге бильярд ойнайды» деп естимiз. Сол рас па? Рас болса, сондай бiр сəттерден есiңiзде қалған əңгiме, қызықты оқиға туралы айта кетсеңiз.

– Жасыратын несi бар?! Елiмiз егемендiк алғалы берi Елба-сы қатысатын үлкен концерттерде əн салып, басқа да мəдени iс-шараларда бiрге болу бақытына ие болдым. Əлi де сондай қарым-қатынаста жүрмiн. Мерекелiк концерттерде өнер көрсететiн əншiлердiң арнайы тiзiмiнен əлi түсiп көрген жоқпын. Оны өзiме бақыт санаймын. Ресми шараларға ғана емес, демалыс уақытында да бiрге болатыным рас. «Патша – Құдайдың жердегi көлеңкесi» дейдi ғой. Былайғы жұрт ол кiсiмен бiрге жүрудi қол жетпес армандай көредi. Халықтың түсiнiгi солай. Бiрақ ол кiсi де пенде. Оның да демалатын кездерi болады. Сосын Нұр-ағаң – спорттың қандай түрiн болса да өте жетiк меңгерген кiсi. Мен оны өз көзiммен көрген соң айтып отырмын. Бiр-екi рет во-лейбол да, бильярд та ойнадым. Бiр күнi ол кiсi мəртебелi қонақ-тарды қабылдап жатты. Бiздi арнайы концерттiк бағдарламамен шақыртқан болатын. Сəтi түсiп, сол күнi менi бильярд ойнауға шақырды. Əрине, жанында жауапты қызметкерлер де болды.

Кiм жеңдi?

– Əрине, Елбасы жеңдi.

Əдейi жеңiлген жоқсыз ба?

– Жоқ. Əдейi жеңiлген жоқпын. Бар өнерiмдi салып бақтым. Бiрiншi ойнағанымда бiрде-бiр шар сала алмадым. Ал екiншi ойнағанымда үш шар салып үлгердiм. Сонда қасында тұрған орынбасарлары мен кеңесшiлерi: «Əй, Нұрлан, сен кiммен ой-нап тұрғаныңды бiлесiң бе?» дедi. Елбасы: «Сендер Нұрлан-ның қолынан тек гитара тартып, əн салғаннан басқа ештеме келмейдi деп ойлайсыңдар ма? Бильярдты жақсы ойнап, үйренiп қалыпты. Қимыл-қозғалысы ширақ. Соны байқап, риза болып тұрмын» дегенде, менiң төбем көкке екi елi жетпей тұрды.

Ел Сiздiң атақты асаба екендiгiңiздi де бiледi. Асабалық кəсiп пе, əлде несiп пе? Оған алғашында қалай бардыңыз? Не итермеледi?

– Мен театр сахнасынан өттiм. Сахнада сөз сөйлеу шеберлi-гiн үйрендiм. Онда артық сөз айтылмау керек. Көрерменнiң көңiлiнен шыға бiлу қажет. «Менi тыңдауға келдiңдер ғой» деп ойына не келсе, соны айтып, орынды, орынсыз сөздер ай-тып тұрып алатын кейбiр əрiптестерiме көңiлiм толмайды. Ол сахна болсын, басқа жер болсын, өзiңдi, өнерiңдi сыйлаған ел алдында қандай жағдайда да олар күткен биiктен көрiне бiлуiң керек. Мен алғашқыда ресми концерттердi жүргiзiп жүрдiм. Сахнадағы жүргiзушiлiк шеберлiгiмдi бағалаған болар, сыйла-сып жүретiн ағаларым мерейтойларын өткiзiп беруге шақыра бастады. Осы қызметке келгелi берi оны да кейiнге ысыруға тура келдi. Өйткенi қол тимейдi. Жұмыстың өз жауапкершiлiгi бар. Концерттерге қатысу керек. Менiң асабалық ерекше шеберлiгiм, ерекшелiгiм бар деп айта алмаймын.

Құпия болмаса, бiр тойды нешеге басқарасыз? Көбiнесе қандай адамдардан шақыру аласыз?

– Кешеге дейiн өзiме таныс, өзiм жақын араласқан, сырлас-қан кiсiлер қолқа салса ғана барып тұрдым. Бейтаныс кiсiлердiң тойына барған емеспiн. Өйткенi, қызықты əңгiме айту үшiн де сол кештiң иесiн жақсы бiлуiң керек қой. Той иесi туралы қаншама мəлiмет жазып бергенмен, ол шынайы шықпайды. Сондықтан да мен өзiм жақсы бiлетiн ортаға барғандықтан «Менiң қызметiм мынадай» деп ешқашан пұлдаған емеспiн. Өздерi бiлiп, сый-сияпат жасап жатады. Ол кейде азын-аулақ тиын-тебен де болады, кейде қомақты қаражат та болады. Ешқашан мен: «Сен аз бердiң, көп бердiң, мен пəленшеге пə-ленше сомаға қызмет жасайтын едiм» деп айтқан емеспiн.

 

«КӨМЕК КЕРЕК БОЛСА, ДОСТАРЫМА АРҚА СҮЙЕЙМIН» 

Сiз бай адамсыз ба? Сондай дəулетке қалай жеттiңiз? Негiзгi табыс көзiңiз туралы бiлуге бола ма?

– Байлықты тек қаржылық дəулет деп есептемеу керек. Мен өте бай адаммын. Иншалла, күпiрлiк болмасын, мен таршылық көрген адам емеспiн. Əке-шешемнiң алдында еркелеп жүрiп өстiм. Əжемнiң аялы алақанының табын сезiп, тəрбиесiн көрдiм. Ауылда өз құрбы-құрдастарыммен тай-құлындай тебiсiп ер жеттiм. Өнерге араласқалы берi менi, менiң өнерiмдi сыйлап, сыйласқан, өздерiне жақын тартып, туыс еткен, бауыр болған достарым көп. Қазақстанның қай түкпiрiне барсам да менi со-лар құшақ жая қарсы алады. Мiне, менiң ең үлкен байлығым да, дəулетiм де – осы. Егер маған қаржылай көмек керек болатын болса, қашанда достарыма арқа сүйеймiн. Менiң жетпей жатқан тұстарымды солар толтырып жатады. Ал банктен арнайы есеп шот аштырып, қаржы жинаған емеспiн.

 

«КӨЛIГIМНIҢ НӨМIРI «888» 

Көлiгi бар адамдардың басым көпшiлiгi «333», «777», «888», «999» деген нөмiр алуға тырысып бағады. Бұл «көзге түсу ме əлде бiз бiлмейтiн қыры мен сыры бар ма?

– Қазақ үшiн «7» саны қасиеттi сан болып саналады. Сондықтан да «777»-ге талас болғаны рас. Менiң көлiгiмнiң нөмiрi «888». Сегiз саны арифметикада шексiздiктi бiлдiредi. Мен бұны неге таңдадым? Бiрiншiден, ең алғаш көлiк алғанда МАИ-да iстейтiн достарым: «888 деген нөмiр бар. Қаласаңыз, осыны берейiк» дедi. «Бұл сан ненi бiлдiредi?» деп сұрадым. Олар маған барлық нөмiрдiң мағынасын түсiндiрiп бердi. Сондағы түсiнгенiм мынау. «666» сайтанның нөмiрi, «999»-да сондай бiрдеме. «777» мұсылман қауымы үшiн қасиеттi сан. Ал «888» шексiздiктi бiлдiредi екен. Мен осыған тоқтадым. Өйткенi, жоғарыда айтқандай мен достарға бай адаммын. Сосын алды-ма көмек сұрап келген адамға шамам келсе, «жоқ» деп, кеу-десiнен итерiп, меселiн қайтарған емеспiн. Мен өзi кеңдiктi, шексiздiктi ұнататын адаммын.

Ол нөмiрдiң құны қанша тұрады?

– Ешқандай қаржы төлегенiм жоқ. Құны қанша екенiнен де хабарым жоқ.

 

«ПАРЛАМЕНТТЕ ӨЗ ОРНЫМДЫ КӨРIП ТҰРҒАН ЖОҚПЫН»

Перзенттерiңiз қай тiлге жүйрiк? Қазақшасы қалай? Оларды тəрбиелеуде белгiлi бiр қағида ұстанасыз ба?

– Əдебиет, мəдениет, өнерге араласып, мемлекеттiк тiл мə-селесiн көтерiп, жұртқа пəлсафа соғып жүрген зиялы қауымның өз перзенттерi қазақ тiлiне мақрұм. Бұл ретте мен ойлаймын. Бiздiң тал бесiгiмiз де, алтын дiнгегiмiз де – ауыл. Жалпы, адам-зат жаратылған кезде, оның бойында өз ұлтының қадiр-қасиетi, ұлттық ерекшелiктерi болады екен. Алла Тағала солай жарата-ды. Осындай қағида бар. Тек оны оята бiлу керек. Менiң үлкен ұлым елде дүниеге келдi. Тiлi елде шықты. Тұсауы да сон-да кесiлдi. Қызым Алматыда дүниеге келдi. Рас, алғашында қазақ тiлiнде балабақша болмаған соң, орыс тiлiндегi балалар бақшасына бердiк. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасынан кейiн ұлттық сана-сезiмiмiз оянып, «қазақ боламыз» деп ел шулай бастағанда мен қызымды ауылға апарып тастадым. Шүлдiрлеп, тiлiн əрең сындырып жүрген қызым үш ай iшiнде таза қазақ тiлiнде сөйлеп келдi. Қазiр ол қызым ҚазМУ-дың журналистика факультетiнде оқып жүр. Кiшi ұлым Марғұлан да қазақша сөйлейдi. Ол № 119 мектептiң жəне Күлəш Байсейiтова атында-ғы арнаулы саз мектебiнiң дайындық бөлiмiнде оқиды.

Депутат болу ойыңызда жоқ па?

– Мен реалист адаммын. «Менiң қолымнан бəрi келедi» деп өзiмдi алдағым келмейдi. Əзiрге қолымнан келетiн iсiмдi атқарып жүрмiн. Халықтың өзiме деген құрметiн пайдаланып өтiп кетуiм де ғажап емес. Бiрақ ол жерде ел аманатын орындай алмай жатсам, кiмдi алдағаным? Бiрiншi, өзiмдi, екiншi, маған сенген халықты алдағаным болып шықпай ма? Мен əзiрге Пар-ламентте өзiмнiң орнымды көрiп тұрғаным жоқ.

Əңгiмеңiзге рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ» 

Бөлісу: