Нұрлан Нығматулин Қатардағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясының отырысына қатысады

6 Сәуір 2019, 10:14 2250

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 6-9 сәуір аралығында Қатардың астанасы Доха қаласында өтетін Парламентаралық Одақтың 140-шы Ассамблеясына қатысады. 

Н.Нығматулин Ассамблеяның пленарлық отырысында бейбітшілік, қауіпсіздік пен заң үстемдігі мүддесіндегі білімді жақсарту үрдісінде парламенттердің рөлі туралы сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Ассамблеяның қорытындысы ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгей БҰҰ саяси форумына қосылған парламенттік үлес болып табылады. Сапар барысында Мәжіліс Спикері бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді. Атап айтқанда, Парламентаралық Одақ Төрағасы Габриэла Куэвас Барронмен, Қатар Консультативтік Кеңесінің Басшысы Ахмад бин Абдалла бен Заид Аль Махмудпен кездеседі. Сонымен қатар, Н. Нығматулин Бельгия, Вьетнам, Қытай, Ресей, Түркия және басқа елдердегі әріптестерімен парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп күтілуде. Парламентаралық одақ 1889 жылы әлемдік парламенттердің іс-әрекетін үйлестіру үшін құрылған. Қазақстан Парламенті 1993 жылы Парламентаралық одаққа мүшесі ретінде қабылданды. Қазіргі уақытта ол 178 ел мен 12 аймақтық парламентаралық ұйымдарды біріктіреді.

Мәжілістің Баспасөз қызметі parlam.kz

Оқи отырыңыз:

ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ҚХА 25 ЖЫЛДЫҒЫН ОРТАЛЫҚТА ДА, БАРЛЫҚ ӨҢІРДЕ ДЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКІЗУІМІЗ КЕРЕК

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ЕЛБАСЫ БАҒЫТЫН ЖАЛҒАСТЫРУ – БІЗДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТІМІЗ

Бөлісу: