Нұр-Сұлтанда тамақтан уланған 101 адам ем алып жатыр

21 Маусым 2022, 18:36 1507

Олар өз ауруларын елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ өнімдерін тұтынумен байланыстырған.

 Елордада тамақтан уланған 18 адам ауруханада жатыр,–  деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

– Тамақтан улану бойынша 101 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір 18 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 ересек және 17 бала бар. Одан бөлек 83 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үстінде. Ал ауруханадан жазылып шыққан адам саны-53, – деген ақпарат таратты Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, науқастардың жалпы жағдайы орташа, қалыпты. Еске сала кетсек, 13 маусым күні елордада 64 адам тамақтан уланды. Бүкіл науқас өз ауруларын елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ өнімдерін тұтынумен байланыстырған.

Кейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы астан уланып ауруханаға түскен 52 адамның жағдайына қатысты түсінік берді.

Бөлісу: