Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққан 11 адам реанимацияда жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, – деп хабарлайды El.kz порталы әкімдік сайтына сілтеме жасап.
Т.Мұратовтың мәліметінше, биылғы 22 маусымнан бері коронавирус инфекциясының таралуы өршіді.
– 145 адам инфекциялық стационарларда жатыр. Төсек орындарының жүктелуі 36,8% құрайды. Реанимация бөлімшесінде 11 пациент ем алуда, оның ішінде ИВЛ аппаратында – 0, жүктемелігі - 21,5%. Соңғы үш аптада орташа есеппен тәулігіне 100 жағдай тіркеліп, 12 адам ауруханаға жатқызылады, –деді ол.
Басқарманың басшысы барлық санитарлық нормаларды сақтауға, вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырды.
Қазіргі уақытта елордада 7 инфекциялық стационар жұмыс істейді, олардағы төсек-орын қоры – 394, оның ішінде КВИ емдеуге арналған 51 реанимациялық төсек-орын жабдығы бар.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде коронавирусқа қатысты ахуал күрделене түскенін айтты.